27.08.2026, 17:20

Түркістанда өгей әкесі келіні мен ұлын өлтіргенін айтты

Фото: Pixabay

Өгей әке полицияға өзі хабарласып, жағдайды айтқан.

Түркістан қаласында өгей әкесі өзінің ұлы мен келінін өлтірген. Бұл туралы журналист Айка Айтаханова желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Журналистің айтуынша, ер адам мен әйелі Қызылордадан анасының жерлеу рәсіміне келген. Кейін әкесімен ортада жанжал туындаған.

Әкесі ұлы мен келінін өлтірген. Кейін полицияға өзі хабарласып, жағдайды айтқан.