Семейдегі Жангелдин мен Шугаев көшелерінің қиылысындағы шұңқыр бір жылдан астам уақыттан бері жөнделмей, тұрғындардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жергілікті жұрттың айтуынша, жолдың бүлінген бөлігі көлік қозғалысына кедергі келтіріп қана қоймай, жүргізушілерге қауіп төндіріп отыр. Мәселені ушықтырған тағы бір жайт — шұңқырдың жанындағы бағананың қисайып тұруы. Тұрғындар жолдың мұндай күйде ұзақ уақыт жатуын қала әкімдігінің жауапты қызметтерінің салғырттығы деп санап, мәселені созбай шешуді талап етті. Олар шұңқырды жамап қана қоймай, қисайған бағананы да қалпына келтіріп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрап отыр. Әзірге Семей әкімдігінің бұл учаскені қашан жөндейтіні туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.