27.08.2026, 18:20

Астанада өзбекстандық профессор тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды

Фото: bbc.com

46 жастағы Иқболжон Қорабоев 3 шілдеде Астанадағы үйінен ұсталған.

Астанада Өзбекстан азаматы, халықаралық қатынастар профессоры Иқболжон Қорабоев тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы BBC-дің Өзбек қызметі профессордың туыстарына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

46 жастағы Иқболжон Қорабоев 3 шілдеде Астанадағы үйінен ұсталған. Туыстарының айтуынша, азаматтық киімдегі бірнеше адам профессорды алып кеткен.

Қорабоев Мақсұт Нәрікбаев университетінде халықаралық қатынастар пәнінен сабақ берген. Ол Астанада әйелі және кәмелетке толмаған үш баласымен тұрған.

Профессорға Қазақстан Қылмыстық кодексінің 176-бабы – «Тыңшылық» бойынша күдік келтірілгені хабарланды. Алайда құқық қорғау органдары бұл іске қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ. Әзірге тағылған күдіктің негіздері ресми расталмаған.