$ 458.87  535.09  5.42

Алматы маңындағы таудан ірі тастар құлады (ВИДЕО)

Алматыда тау шыңынан ірі тастар құлады. Бұл сәттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Бейнежазбада оқиғаның Үлкен Алматы көлі маңында болғаны айтылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін хабарлады. Таулы аймақты тексеру және жағдайды бағалау үшін оқиға орнына мамандар жіберілген. 

Ведомство «Қазселеқорғаудың» Үлкен Алматы өндірістік-пайдалану бөлімшесінің бақылаушысы аумаққа тексеру жүргізгенін атап өтті.

— Тексеру барысында № 12 көшкін жиналатын аумақтағы беткейдің құзды бөлігінен тас құлағаны анықталды. Оған тау жыныстарының табиғи үгітілуі, температураның ауытқуы мен жауын-шашын әсері себеп болған. Құлаған тастар жолға дейін жетпеген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, бүлінген нысандар тіркелген жоқ, — деп мәлімдеді департаменттен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Алматы #Тау