28.08.2026, 01:30

«Әлі 20-дағы жігіт сияқты»: Асылхан Төлеповтің видеосы көпшілікті таңғалдырды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Желіде тараған видеода актердің шашын сәндеп жатқан сәті көрсетілген.

Танымал актер Асылхан Төлеповтің әлеуметтік желіде тараған жаңа видеосы көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары 34 жастағы өнер иесінің әлі де жас көрінетініне таңданысын білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Желіде тараған видеода актердің шашын сәндеп жатқан сәті көрсетілген. Алайда оқырмандардың назары оның образына емес, жас көрінетін келбетіне ауған.

«Асылхан Төлепов қартайғанша, біз өліп қалатын шығармыз», – деп әзілдеді желі қолданушыларының бірі.

Өзге оқырмандар да актердің жылдар өтсе де қатты өзгермегенін айтып, түрлі пікір қалдырған.

Айта кетейік, Асылхан Төлепов 1992 жылы 21 мамырда дүниеге келген. Ол көпшілікке «Жаужүрек мың бала» фильміндегі Сартай рөлі арқылы кеңінен танылды.