Қазір аталған оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Астанада құрылыс жұмыстары кезінде кран құлап, оның үстінде болған краншы қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қайғылы оқиға 27 тамызда болған. Астана қалалық ТЖД құрылыс кранының құлағанын және салдарынан краншының көз жұмғанын растады.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Дәрігерлер ер адамның алған жарақаттарынан қайтыс болғанын анықтады.
Қазір аталған оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтауда.