28.08.2026, 09:40

Белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

Фото: NUR.KZ

Бұл туралы Qazaqstan ұлттық телеарнасы мәлімдеді.

Белгілі тележурналист, Қазақ телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Qazaqstan ұлттық телеарнасы мәлімдеді.

Тілеуқабыл Мыңжасар 1952 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, сол жылы алғашқы телехабары эфирге шыққан.

Еңбек жолында Қазақ телевизиясында ұзақ жылдар қызмет еткен. Сондай-ақ «Хабар» агенттігі құрылған күннен бастап еңбек етіп, 1998 жылдан бастап телеарнаның Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі болған.