$ 462.3  538.07  5.41

Құрылтай депутаттарының ант беру рәсімі өтті

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР Конституциясының 54-бабына сәйкес, Құрылтай депутаттары ант беретінін еске салды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың жалпы отырысында жаңа орган депутаттарының салтанатты ант беру рәсімі басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР Конституциясының 54-бабына сәйкес, Құрылтай депутаттары ант беретінін еске салды.

— Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, — деп жазылған ант мәтінінде.

Еске салайық, 23 тамызда бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау өтті.

Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын жинаған бес саяси партия арасында депутаттық мандаттар айқындалды. Осыған байланысты ҚР Құрылтайы депутаттарының 145 мандаты төмендегідей бөлінді:

  • «Әділет» партиясы — 110 мандат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 8 мандат;
  • «Ауыл» партиясы — 10 мандат;
  • «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 8 мандат;
  • «Respublica» партиясы — 9 мандат.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#депутаттар