Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР Конституциясының 54-бабына сәйкес, Құрылтай депутаттары ант беретінін еске салды.
Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың жалпы отырысында жаңа орган депутаттарының салтанатты ант беру рәсімі басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР Конституциясының 54-бабына сәйкес, Құрылтай депутаттары ант беретінін еске салды.
— Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, — деп жазылған ант мәтінінде.
Еске салайық, 23 тамызда бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау өтті.
Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын жинаған бес саяси партия арасында депутаттық мандаттар айқындалды. Осыған байланысты ҚР Құрылтайы депутаттарының 145 мандаты төмендегідей бөлінді:
«Әділет» партиясы — 110 мандат; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 8 мандат; «Ауыл» партиясы — 10 мандат; «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 8 мандат; «Respublica» партиясы — 9 мандат.