28.08.2026, 17:20

Қостанай облысында ішіп алған ер адам 15 жастағы баланы пышақтап өлтірді

Фото: Pixabay

Ішіп алған ер адам қолындағы пышағымен жұбайын өлтірмек болады. Алайда әйел адамның ағасы араша түсіп, аман алып қалады.

Қостанай облысының Жітіқара қаласында 15 жастағы бозбала туған анасын қорғаймын деп өгей әкесінің қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиға сотта қаралып, күдікті ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Соттың мәліметінше, 2026 жылдың сәуірінде ер адам ішімдік сылқия тойып алып, жанжал барысында өзінің жұбайына пышақ сұғып алады. Анасының айқайын естіген 15 жастағы ұлы өгей әкесін тоқтатпақ болып, қарсы ұмтылады. Алайда, ер адам өгей ұлының кеудесіне төрт жерден пышақ сұғып алады. Алған жарақаттарының салдарынан кәмелетке толмаған ұл бала сол жерде қайтыс болған.

Ішіп алған ер адам қолындағы пышағымен жұбайын өлтірмек болады. Алайда әйел адамның ағасы араша түсіп, аман алып қалады.

Мемлекеттік айыптаушы сотта ер адамды қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу арқылы 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал жәбірленуші тарап сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот отырысында сотталушы ер адам өзіне тағылған айыптарды толық мойындап, кешірім сұрады.

Сот оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстарды алкогольдік масаң күйде жасағанын таныды. Ал қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындауы және шын жүректен өкінуі ескерілді.

«Сот талқылауы барысында анықталған мән-жайларды ескере отырып, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 56-бабында көзделген, қылмысқа оқталғаны үшін жаза мерзімі немесе мөлшері ҚР ҚК-нің тиісті бабында аяқталған қылмыс үшін көзделген негізгі жаза түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үш бөлігінен аспауы туралы талаптарды қолдана отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу арқылы сот К.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу арқылы 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушілердің моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген сот хабарламасында.