28.08.2026, 18:20

Петропавлда кәріз құдығының жанынан әйелдің мәйіті табылды

Фото: depositphotos.com

Қазір осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің мүрдесі 27 тамыз күні Петропавлдағы Тауфик Мұхамедрахимов көшесіндегі кәріз құдығының маңынан табылған. Мәйіт біраз уақыт жатып қалғандықтан, әзірге оның жеке басын анықтау мүмкін болмаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  

— Тұрғылықты мекенжайы жоқ әйел деп айтуға болмайды. Өйткені мүрденің жанынан телефон мен кілттер табылды. Болжам бойынша, марқұм бұған дейін жоғалып, іздеу жарияланған әйел болуы мүмкін. Алайда бұл — қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі ғана. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады, — дейді тәртіп сақшылары.