$ 462.3  538.07  5.41

Сырым ауданында су жаңа мектеп пайдалануға берілді

Аймақ басшысының орынбасары өңірде білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқын алғанын атап өтті.

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сырым ауданына қарасты Құспанкөл елді мекенінде жаңа шағын жинақты мектеп пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй, аудан басшылығы және Шолақаңқаты ауылдық округінің тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Аймақ басшысының орынбасары өңірде білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқын алғанын атап өтті. Ол ауыл халқына облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтауын жеткізді.

- Президенттің апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңа оқу жылы қарсаңында 8 шағын жинақты мектептің құрылысы аяқталды. Дәл қазір екінші нысанды пайдалануға бергелі тұрмыз. Жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін жағдай жасау – мемлекеттің стратегиялық мақсат-міндеті, - деді Мирас Мүлкәй.

Құспанкөлдегі бастауыш мектептің тозығы жеткен. Мұнда 21 бала болса, қалған шәкірттер негізгі орта білім алу үшін ауылдық округ орталығына қатынап оқиды.  Жаңа ғимарат пайдалануға беріліп, оқу орны «негізі орта мектеп» мәртебесіне ие болды.

60 орынға лайықталған нысан KPO b.v компаниясының әлеуметтік міндеттемелері аясында салынды. Жоба құны – 1,4 млрд теңге. Мектеп жарық әрі жайлы. Оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Сондай-ақ, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау құрылғылары орнатылған. Аула абаттандырылып, спорт және ойын алаңдары жасақталған.

Салтанатты рәсімде сөз алған ауыл тұрғындары игілікті іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдірді. 

Айта кетейік, бүгін Жәнібек ауданында да 2 жаңа шағын жинақты мектеп пайдалануға беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0