Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы 18–23°-тан 25–30°-қа дейін көтеріледі.
Жаздың соңғы күндерінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жауады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кезеңнің соңына қарай еліміздің солтүстігі мен шығысында түнгі уақытта жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанады.
29 тамызда Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында, 30–31 тамызда Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нөсер жаңбыр жауады.
Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі.
Ауа температурасы:Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы 18–23°-тан 25–30°-қа дейін көтеріледі. Маңғыстау облысында айтарлықтай өзгеріс болмайды: күндізгі температура 25–35° шамасында сақталады.
Солтүстік-батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде 10–15°-тан 0–5°-қа дейін төмендейді. Кезең соңында кей жерлерде 3°-қа дейін үсік күтіледі. Күндізгі температура 15–25°-тан 10–15°-қа дейін төмендейді.
Еліміздің шығысында да ауа температурасы төмендейді. Түнде 10–15°-тан 5–10°-қа дейін, күндіз 25–35°-тан 15–25°-қа дейін төмендейді.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде 10–20°, күндіз 25–35° жылы болады.