$ 464.77  541.36  5.41

«Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті

Әлеуметтік желіде тараған видеодан павильонның бірнеше бөлігі сынып, ауыр бетон тақталардың жерге құлағанын көруге болады.

Фото: Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Абай облысының Бородулиха ауданындағы автобус аялдамасының бетон құрылымы қирап, тұрғындарға қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан павильонның бірнеше бөлігі сынып, ауыр бетон тақталардың жерге құлағанын көруге болады. Тұрғындар мұндай аялдаманың жанында тұрудың өзі қауіпті екенін айтып, жауапты мекемелерден нысанды шұғыл тексеруді талап еткен.

Олар қауіпті аумақты қоршап, аялдаманы жөндеу немесе толық ауыстыру қажет деп отыр. Ауданның абаттандырылуы мен қоғамдық инфрақұрылымның жағдайына жауапты әкімдік мұндай нысандардың адам өміріне қауіп төндіретін жағдайға жетуіне жол бермеуге тиіс.

Бородулиха ауданының әкімі – Талғат Мұратов, енді аудан әкімдігінен қауіпті аялдамаға қатысты нақты шара күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0