29.08.2026, 20:30

Дубайда қаза болған екі қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

Фото: Видеодан скриншот

Министрлік қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

28 тамызда Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы БАӘ-де қаза болған Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денелерін Қазақстанға жеткізуді ұйымдастырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандық азаматшалардың өліміне қатысты Біріккен Араб Әмірліктерінің құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

«Қазақстандық дипломаттар әмірлік прокуратурасы және басқа да тиісті органдармен жұмысты жалғастырып, марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуде», – деді СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Министрлік қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Тегтер: БАӘ адам өлімі