30.08.2026, 16:30

«Буллингке ұласып бара жатыр»: Аида Балаева жаңа депутаттың пәтерлеріне қатысты пікір білдірді

Коллаж: Sn.kz

Қазір пәтер өзге жылжымайтын мүлкі жоқ журналистерге ғана ұсынылады.

Аида Балаева жаңа депутаттардың пәтерлеріне қатысты қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

"Соңғы күндері Құрылтайдың бірқатар депутатына қатысты, оның ішінде тұрғын үй мәселесі бойынша түрлі алыпқашпа әңгімелер мен орынсыз пікірлер айтылып, мұның соңы буллингке ұласып бара жатқаны байқалады", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, бұрын тұрғын үй редакциялар қалыптастыратын тізім бойынша берілетін. Қазір пәтер өзге жылжымайтын мүлкі жоқ журналистерге ғана ұсынылады.

Бұған дейін желіде Құрылтайға депутат болған журналист пәтері бола тұра мемлекеттен баспана алғаны туралы ақпарат тарап, қызу талқыланған болатын.