Ләззат Танысбайдың телевизия және медиа саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады.
Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Бұл лауазымға Ләззат Танысбай тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ләззат Танысбайдың телевизия және медиа саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Осы уақыт аралығында ол «Астана» телеарнасы, «Нұр-Медиа» медиахолдингі, «Қазақстан» РТРК және «Бірінші арна Еуразия» секілді ірі медиа ұйымдарды басқарды.
Сонымен қатар Ләззат Танысбай Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған.
«Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы ретінде оған агенттіктің қалыптасқан әлеуетін сақтай отырып, негізгі жұмыс бағыттарын кезең-кезеңімен жаңғырту міндеті жүктелді.
Сондай-ақ «24KZ» телеарнасының еліміздегі жетекші қоғамдық-саяси арна ретіндегі позициясын нығайту көзделіп отыр.