Бұл туралы Құрылтай аппараты жетекшісінің орынбасары Болат Кальянбеков мәлімдеді.
Қазақстанның жаңа Құрылтайында журналистердің депутаттармен кулуарда еркін сөйлесіп, жедел пікір алуына қатысты жаңа тәртіп енгізілмек, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Бұл туралы Құрылтай аппараты жетекшісінің орынбасары Болат Кальянбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, енді журналистерге кулуарда кез келген депутатты тоқтатып, сұрақ қою мүмкіндігі берілмейді. БАҚ өкілдеріне пікір білдіру үшін арнайы пресс-орталықта алдын ала бекітілген депутаттар ғана шығарылмақ. Яғни журналистер депутаттардың дәлізде, отырыс алдында немесе одан кейін кездейсоқ пікірін ала алмайды. Қажетті депутаттар белгілі бір уақытқа пресс-орталыққа шақырылып, сол жерде журналистердің сұрақтарына жауап береді. Жаңа тәртіптің қандай себеппен енгізілгені және оның журналистердің жұмыс форматына нақты қалай әсер ететіні әзірге толық түсіндірілген жоқ.