$ 464.77  541.36  5.41

Алматы-Қорғас тасжолында жүк көлігі бақылау аркасын жұлып кетті (ВИДЕО)

Алматы – Қорғас тасжолында Shacman жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы – Қорғас ақылы автомобиль жолының 120-шақырымында, «Шелек» бақылау аркасы маңында Shacman жүк көлігі бақылау аркасын бейнебақылау камераларымен бірге жұлып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі шанағы көтерілген күйде қозғалған. Бақылау аркасының астынан өту кезінде көліктің көтерілген шанағы арка конструкциясына соғылып, салдарынан қозғалыс бағыттарының біріндегі бақылау аркасының бір бөлігі зақымданды.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жол қызметтері оқиға орнына жедел жетіп, учаскедегі қауіпсіздікті қамтамасыз етті және көлік қозғалысын қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды қабылдады.

«Қазіргі уақытта автожолдағы қозғалыс толық қалпына келтіріліп, қалыпты режимде жүзеге асырылып жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр», – делінген компания хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0