жер алыңдар деп елге көмектестіГүлзира Айдарбекова марқұм ағасына жазба арнады
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова марқұм ағасына жазба арнады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол бауырының саналы ғұмырында жасаған жақсылықтарын еске алды.
"Анашым Зайфунун,ағасы өмірден озғанда “Әуелі сөзің басы еді-ау, жарқыным жез боп жасыды-ау” деген өлең жолдарымен жоқтау айтып, іш күйігін шығарып отырған сәттері әлі көз алдымда… Міне сол қайғы менің де басыма да орнады. Өзім ерекше жақсы көретін ағам, сағынып кеттім, бір иіскеп, маңдайыңнан сүйіп кетсем деген бауырлар чатындағы голосовойлары әлі тұр.Жүрегімнің жылауын жырлау үшін осы өлең жолдарын ағама арнадым.Мен бұл әнді айтпақ түгілі, басын бастағаннан кеудемді өксік кернеп, тұншыға бастаймын.Сол себепті ИИ мен жоқтауымды өз оқырмандарыма жеткізгім келді. Араларыңызда мен ғана емес шығар бауырынан айрылған, сіздер де еске алып, құран бағыштап жүрсек, оларға басқа түкте керегі жоқ. Енді тек құранымыз ғана, баяғыдай дауысын есіту де, жаутаңдап жолымды күтпейді, бітті бәріде. Біз 5 ұл, 3 қыз едік, 4 бауырымызды ажал құшқан. Сабит ағамның әрбір жасап кеткен ісіне бүкіл қоршаған ортасы, көршілері тек разылығын айтып жүректері жылап тұрды. Алматының шетіне Бұлақты аулына жарық кіргізіп, тас жол салдырып, 100 тал егіп, соншалықты өте үлкен зиратты түгелімен қоршатып, араға көпір салдырып, мына жақтан жер алыңдар деп елге көмектесті", - деп жазды ол.