Оқиға туралы жедел жәрдем қызметіне 29 тамыз күні сағат 08:00-де хабар түскен.
Павлодарда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Irbistv.kz мәліметінше, апат Циолковский көшесінде болған. Жеңіл автокөлік пен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан.
Оқиға туралы жедел жәрдем қызметіне 29 тамыз күні сағат 08:00-де хабар түскен. Бірінші санаттағы шақырту бойынша бригада оқиға орнына 9 минутта жетті.
Медицина қызметкерлері 1999 жылы туған ер адамның оқиға орнында көз жұмғанын анықтады.
Сондай-ақ жол апатынан 1981 және 1999 жылы туған тағы екі ер адам зардап шеккен. Олар медициналық тексеруден өткеннен кейін ауруханаға жатқызуды қажет етпеген.