31.08.2026, 22:30

Ақтаудан Ыстанбұлға тікелей рейстер қайта жанданады

Фото: stan.kz

Әуе компаниясының мәліметінше, алғашқы рейс 22 қазанға жоспарланған.

FlyArystan Ақтау мен Ыстанбұл арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта іске қосады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әуе компаниясының мәліметінше, алғашқы рейс 22 қазанға жоспарланған.

27 қазаннан бастап ұшулар тұрақты кестеге көшіп, аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

Сейсенбі күндері ұшақ Ақтаудан 08:40-та көтеріліп, Ыстанбұлға 10:35-те жетеді. Кері бағыттағы рейс 11:40-та ұшып, Ақтауға 17:05-те қонады.

Сенбі күндері Ақтаудан ұшу 08:35-ке, ал Ыстанбұлға қону 10:30-ға жоспарланған. Кері рейс 11:15-те жолға шығып, Ақтауға 16:40-та келеді.

Рейс кестесіндегі уақыттың барлығы жергілікті уақыт бойынша көрсетілген.