01.09.2026, 09:35

Тоқаев Словакия Президентіне құттықтау жолдады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегриниді Конституция күнімен құттықтады.

 

Мемлекет басшысы Словакия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегриниді Конституция күнімен құттықтады. Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген Қазақстан-Словакия қарым-қатынасы алдағы уақытта да дәйекті түрде дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словакия халқына бақ-береке тіледі.