$ 462.31  536.09  5.34

Полицейді өлтіріп, мәйітін гаражға жасырған: Аралда адамшошырлық қылмыс болды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысының Арал қаласында учаскелік полиция инспекторын өз үйінде өлтіріп кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның денесі тұрғын үй ауласындағы гараждан табылған. Марқұм 1988 жылы туған, оның денесінен жарақат іздері анықталды.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жанжал кезінде учаскелік инспектор ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Оқиға болған сәтте ол еңбек демалысында жүрген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктінің жеке басы анықталғанын және оны ұстау шаралары қабылданып жатқанын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, күдікті бұған дейін марқұм учаскелік инспектор тарапынан отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтары үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ оған қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0