Жамбыл облысының Қордай ауданында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жамбыл облысының Қордай ауданында, Гвардейск гарнизоны аумағындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен жаңа туған сәби табылды. Ақпаратты аудандық полиция бөлімінің өкілдері растады.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, табылған сәби қыз бала. Дәрігерлердің айтуынша, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының Сайрам ауданында әйел тоғыз ай бойы жүктілігін жақындарынан жасырып, медициналық есепке тұрмаған. Босанғаннан кейін тірі туған сәбиін әжетхана шұңқырына тастап, үстін құм, тас және топырақпен жауып кеткен.