$ 458.45  531.39  5.29

«Тіземді ұстады»: Пойызда қызға тиіскен 69 жастағы ер адам ұсталды

Ол ұсақ бұзақылық жасағаны және түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

 "Маңғыстау – Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызында қызға тиісті деген күдікпен 69 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бойжеткеннің айтуынша, пойызда белгісіз ер адам оның тізесінен ұстаған.

Оқиғадан кейін Қызылорда станциясындағы көліктегі полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады.

"Қызылорда қаласының 69 жастағы тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны және түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Тыныштықты бұзғаны үшін ер адамға айыппұл салынды. Ал ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар соттың қарауына жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0