Жамбыл облысының полиция департаменті хабарлағандай, әйелге «баласын қауіпті жағдайда тастап кеттті» деген айып тағылып отыр.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Жамбыл облысындағы Гвардейск гарнизонында қоқыс жәшігінен жаңа туған қыз бала табылған еді. Жамбыл облысының полиция департаменті оның анасын тез арада анықтап, ұстаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жамбыл облысының полиция департаменті хабарлағандай, әйелге «баласын қауіпті жағдайда тастап кеттті» деген айып тағылып отыр.
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында жаңа туған сәбиін қауіпті жағдайда тастап кеткен күдікті әйел қысқа уақытта анықталды. Күдікті полиция бөлімінде кінәсін мойындаған», - деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.
Жан-жақты, толық тергеп-тексеру өткеннен кейін оған қатысты шешім қабылданады.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.