Ол желідегі парақшасында қазақстандықтарға арнаған тілегін жариялады.
Туған анасын іздеген бельгиялық Жәнібек есімімен танымал Мұрат Савелиев желіде қазақстандықтарға арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол желідегі парақшасында қазақстандықтарға арнаған тілегін жариялады.
«Қымбатты, отбасым! Сендер менің отбасымсыңдар. Бүгінгі дұғам… Уа, Алла! Қазақстанымды және барша халқымды аман сақтай гөр. Әр шаңыраққа береке, жүректерге тыныштық, елімізге бірлік пен бейбітшілік сыйлай гөр. Баласын сағынған ата-ананы, ата-анасын сағынған баланы бір-біріне қауыштырғайсың. Жоғалтқанын іздеп жүрген әрбір жанға үміт, сабыр және қайта қауышу бақытын нәсіп ет. Баршамызға денсаулық, мейірім мен күш-қуат бере гөр», – деп жазды бельгиялық Жәнібек.