03.09.2026, 18:00

Есіл өзеніне жеңіл автокөлік батып кетті

Фото: Видеодан алынған кадр

Қызылжар ауданында жеңіл автокөлік жағадан Есіл өзеніне сырғып кеткен.  

Оқиға орнына көлік иесіне көмек көрсету үшін ТЖМ құтқарушылары жедел жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Автокөлікті алып шығу жұмыстарына сүңгуір-құтқарушы жұмылдырылды. Ол суға түсіп, автокөлікті қосымша арқанмен бекітті. Осыдан кейін құтқарушылар авариялық-құтқару автомобилінің көмегімен көлікті сәтті шығарды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.