$ 455.86  528.84  5.25

Ташкентте жол астында жойқын жарылыс болды: асфальт опырылып, көліктерге зақым келді

Оқиғаның нақты себебі әзірге анықталған жоқ, тиісті мамандар тексеру жүргізіп жатыр.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

 

Ташкенттің Яккасарай ауданындағы Глинка көшесінде қатты жарылыс болып, жолдың бір бөлігі опырылып түсті.

Оқиғаға дейін бұл аумақта ескірген инженерлік желілер жаңартылып, жаңа құбырлар төселген, алайда олар әлі пайдалануға берілмеген. Жарылыстың күшінен асфальт бөлшектері ондаған метрге ұшып, жолда келе жатқан бірнеше көлікке зақым келген.

Ташкент әкімдігінің ресми мәліметінше, оқиға салдарынан бір адам жеңіл жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілген. Қазір Глинка көшесіндегі көлік қозғалысы уақытша тоқтатылып, апаттың салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Газ және жылу желілеріне жауапты мекемелер жарылыстың өз жүйелеріне қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Оқиғаның нақты себебі әзірге анықталған жоқ, тиісті мамандар тексеру жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0