Оқиға 1 қыркүйекте «Қарағанды – Сұрыптау» станциясында болған.
Қарағанды облысында теміржол көлігіне қатысты қайғылы оқиға болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға 1 қыркүйекте «Қарағанды – Сұрыптау» станциясында болған. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы салдарынан адам өлімі тіркелген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.