$ 455.86  528.84  5.25

Астана-Қарағанды тасжолында апат болып, бір адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйек күні Шөптікөл ауылының маңында болған.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

«Газель» мен Mercedes-Benz Sprinter көліктері Астана – Қарағанды автожолының 51-шақырымында соқтығысты. Жолаушылардың бірі ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйек күні Шөптікөл ауылының маңында болған. Апат салдарынан «Газель» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алған.

Оқиға орнына трассалық медициналық-құтқару пунктінің (ТМҚП) құтқарушылары дереу жетті.

«ТМҚП қызметкерлері зардап шеккен ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Одан кейін ол Аршалы кентінің орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, көлік жолаушысы алған жарақаттарының салдарынан кейін ауруханада қайтыс болды.

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды болатын трассаларда сақтау қажеттігін еске салды. Құқық қорғау органдары жылдамдық режимін сақтау мен көліктердің техникалық жарамдылығына ерекше назар аударды.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/288249-qaragandy-astana-taszolynda-apat-bolyp-bir-adam-qaza-tapty

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0