04.09.2026, 18:00

Астана – Қарағанды тасжолындағы апаттан жолаушы көз жұмды

Фото: ИИ

Жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйекте Астана – Қарағанды автожолының 51-шақырымында, Шөптікөл ауылының маңында болған.

Ақмола облысында «Газель» мен Mercedes-Benz Sprinter көліктері соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйекте Астана – Қарағанды автожолының 51-шақырымында, Шөптікөл ауылының маңында болған.

Апат салдарынан «Газель» көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Кейін жолаушы алған жарақатынан медициналық мекемеде көз жұмды.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.