$ 456.56  530.52  5.28

Маңғыстаудан Оралға бет алған пойызда жолаушы көз жұмды

Қайғылы оқиға 3 қыркүйекте болған.

Фото: ҚТЖ
Фото: ҚТЖ

Маңғыстау теміржол вокзалында Маңғыстау – Орал бағытындағы пойызға отыруға келген жолаушының кенеттен жағдайы нашарлап, көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға 3 қыркүйекте болған. Ер адам №613 Маңғыстау – Орал пойызына мінуге келген.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, жолаушы вагон маңында өзін кенеттен жайсыз сезінген. Пойыз қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырып, полиция мен станция кезекшісіне хабар берген.

Алайда оқиға орнына келген медицина қызметкерлері ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Осыған байланысты пойыздың жөнелтілуі жоспарланған уақыттан кешіккен. Вокзалда құқық қорғау органдарының қызметкерлері де жұмыс істеді.

Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, жолаушының өліміне байланысты Маңғыстау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала диагноз – өкпе артериясының тромбоэмболиясы», – делінген ведомство хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0