Оқиға салдарынан ер адамдардың бірі кеуде тұсынан жарақат алған.
Алматыдағы шағын азық-түлік дүкендерінің бірінде ер адамдар арасындағы жанжал төбелеске ұласып, соңы қайғылы жағдайға айнала жаздады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға салдарынан ер адамдардың бірі кеуде тұсынан жарақат алған.
Полиция мәліметінше, оқиға Түрксіб ауданындағы дүкендердің бірінде болған. Жанжалға екі ағайынды мен сауда орнының қызметкері қатысқан. Бастапқыда сөзге келген ер адамдардың дауы кейін төбелеске ұласқан.
«Төбелес барысында қатысушылардың бірі кеуде тыұснан өткір затпен жарақат алды. Оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Учаскелік полиция инспекторы жанжалға қатысушыларды жедел ұстап, бөлімшеге жеткізді», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция жанжалдың нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға берілмек.