$ 456.56  530.52  5.28

Қарағандыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

6 қыркүйек күні таңертең Қарағандыда жеңіл автокөлік пен маршруттық автобус соқтығысып, апат салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғасы сағат 07:30 шамасында К. Маркс көшесінің бойында болған. Chevrolet Cobalt автокөлігі мен Yutong маршруттық автобусы соқтығысқан.

Апат салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінде болған 36 жастағы жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Қарағанды облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

— Жүргізушілер жолдағы және ауа райына қатысты жағдайды ескере отырып, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдауы және көлік тізгінінде барынша мұқият болуы қажет. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне тікелей байланысты, — деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0