6 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 23:08-де тіркеген.
Кеше кешкісін Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен-Нарын ауылының тұрғындары магнитудасы 2-ге тең жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ведомствоның хабарлауынша, Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін 6 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 23:08-де тіркеген.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан", — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жер сілкінісінен кейін "Қазселденқорғау" мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, сондай-ақ көшкін мен сел жүру қаупі бар учаскелерді тексерді. Сонымен қатар, сарапшылар ықтимал зақымдарды анықтау мақсатында маңызды инфрақұрылым нысандарын визуалды түрде тексеріп шықты.
"Тексеру барысында ешқандай зақым анықталған жоқ, нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр", — делінген хабарламада.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Жағдай тұрақты.