$ 456.56  530.52  5.28

Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Жезқазған тұрғыны Гарышкерлер бульварындағы №18 үйдің ауласының жағдайына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, аулаға асфальт төселмеген, көше шамдары жанбайды, ал ағаштардың бір бөлігі қурап тұр.

Тұрғын қордаланған мәселені өлең жолдарымен жеткізіп, ауланың ұзақ уақыттан бері жөнді абаттандырылмай келе жатқанын айтты.

Бейнежазбада көпқабатты үйлердің маңындағы қураған ағаштар мен аула аумағы көрсетілген.

Гарышкерлер, 18 мекенжайының Жезқазған қаласында орналасқаны ашық деректерде де көрсетілген.

Енді тұрғындар көтерген асфальт, жарықтандыру және көгалдандыру мәселесіне жауапты мекемелер назар аудара ма деген сұрақ бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0