$ 456.56  530.52  5.28

Қарағандыдағы саяжайда екі адам оққа ұшты

Полицияның мәліметінше, екі адамның денесінен оқ жарақатының белгілері анықталған.

Фото: Ұлыс медиа
Фото: Ұлыс медиа

Қарағандыдағы саяжай қоғамдарының бірінде екі адам қаза тапты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға 6 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан ауданындағы саяжай қоғамдарының бірінде болған. Әлеуметтік желіде бұл «Оптимист» саяжай қоғамының аумағында болғаны туралы ақпарат тарады. Қаза тапқандардың бірі – саяжай қоғамының 43 жастағы төрағасы, екіншісі – 55 жастағы қоғам белсендісі.

Полицияның мәліметінше, екі адамның денесінен оқ жарақатының белгілері анықталған.

Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында полиция қылмыс жасады деген күдікпен 56 жастағы ер адамды ұстады.

Күдікті өз кінәсін мойындаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0