07.09.2026, 14:30

«Жол ма, кедергілер жолағы ма?»: ШҚО-дағы ойлы-қырлы жол жүргізушілерді әбігерге салды

Фото: Видео скриншот

Кадрдан жол бетінің біркелкі емес, толқынданып кеткенін және көлікпен жүруге қолайсыз екенін көруге болады.

 

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Байтоғас ауылы маңындағы ойлы-қырлы жолдың видеосы әлеуметтік желіде тарады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрдан жол бетінің біркелкі емес, толқынданып кеткенін және көлікпен жүруге қолайсыз екенін көруге болады. Жүргізуші жолдың жағдайын көрсету үшін көлігін тоқтатып, видеоға түсірген. Былтыр аудан әкімдігі Қарсақбай – Байтоғас бағытындағы жолға жөндеу жүргізілгенін хабарлаған, алайда қазіргі жағдай жол сапасына қатысты сұрақты қайта көтеріп отыр.

ШҚО әкімдігінің жоспарына сәйкес, Қарсақбай – Байтоғас бағытындағы 5 шақырым жолды жөндеу 2027–2028 жылдарға жоспарланған. Жүргізушілер осындай жолмен тағы бірнеше жыл жүруге мәжбүр бола ма, әлде мәселе ертерек шешіле ме?