$ 444.32  473.33  4.76

Астаналық әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы бойынша кеңес береді

Бүгіннен бастап 5 қыркүйекке дейін «Ашық есік күні» аясында Әділет департаментінде тұрғындарға зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері бойынша кеңестер беріледі. Шара ҚР Конституциясының 19 жылдығына орайластырылып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астана қаласы әкімдігі ресми сайтының жазуынша, акцияның мақсаты Тәуелсіздік құндылықтарын және азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етіп отырған, соның ішінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша құқықтық мемлекеттің негіздерінің мызғымастығын қоғамдық сана-сезімде нығайту болып табылады.

Ведомствоның хабарлауынша, барлық сұрақтар бойынша Жеңіс даңғылы, 15, 401 кабинет мекенжайы бойынша немесе 32-17-87 телефоны арқылы зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөліміне хабарласуға болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары