Жоғалып кеткендер — 1989 жылы туған Нелли Шахрай мен 1991 жылы туған Денис Антипин.
Алматыда психикалық ауытқуы бар ер мен әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жоғалып кеткендер — 1989 жылы туған Нелли Шахрай мен 1991 жылы туған Денис Антипин.
Lider.kz еріктілерінің айтуынша, олар әр түрлі уақытта жоғалып кетті және бір-біріне қатысы жоқ.
Нелли Шахрай 16 сәуірде таңғы сағат 9:00 шамасында Бостандық ауданындағы Кекілбайұлы көшесі, 117 мекенжайындағы психикалық денсаулық сақтау орталығынан шығып кеткен.
Бойы — 167 см, орташа денелі, қоңыр көзді, шашы ұзын, қою сары. Бетінде бөртпелер бар. Соңғы рет ол қою көк барқыт жемпір, күлгін шалбар және көк резеңке тәпішке киген.
Денис Антипин 13 мамырда таңғы сағат 8:00 шамасында шығып кеткен.
Бойы 180 см, орташа денелі, қою сары шашты және шашы сәл ағарған. Сол көзінің жанында меңі бар. Ол қашып кеткен күні қара жилетка, ақ футболка, қара шалбар және қара тәпішке киген.
— Қоғамдық орындар және адам көп жиналатын жерлерде соларға ұқсас адамдарды көрсеңіз, оларды ұстауға немесе жанжалдасуға тырыспаңыз. 102 нөміріне қоңырау шалып, полицияға хабарлау керек, — деп жазды еріктілер.
Алматы полиция департаменті медициналық мекемеде науқастардың жоғалып кеткені туралы ақпаратты растады.
— Бостандық аудандық полиция бөлімі екі жағдай бойынша да іздеу істерін қозғады. Қазіргі уақытта адамдардың қайда екенін анықтап, оларды медициналық мекемеге қайтару үшін бірқатар жедел және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматыда психикалық денсаулық орталығынан екі адамның қашып кеткені туралы жазғанбыз.