$ 454.31  528.04  5.25

«Нұржігіт комадан шықты»: Бақытжан Базарбек ауыр халдегі жігіт туралы жазба жариялады

Заңгер жазбасында өзі көлікпен қаққан жігіттің денсаулығындағы оң өзгеріс туралы хабарлаған.

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Жол апатына себепкер болған бұрынғы депутат Бақытжан Базарбек Нұржігіттің қазіргі жағдайы туралы жазба жариялады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Заңгер жазбасында өзі көлікпен қаққан жігіттің денсаулығындағы оң өзгеріс туралы хабарлаған.

«Нұржігіттің жағдайы туралы шұғыл жаңалық! 24 күн. Нұржігіт комадан шықты, оянды. Есін кіргізіп, анасын, әйелі мен балаларын, аға-інілерін, туған-туыстарын танып отыр.

Еліміздің бетке ұстар реаниматологы, Мусаев Гамзат Афендиевич бастаған Тараз қаласының анестезия және реанимация бөлімінің кәсіби реаниматологтары Денсаулық сақтау министрлігінің көмегімен жан-жақты, сапалы ем жасап, Нұржігітті аяғына тұрғызуда», – деп жазды ол.

Сонымен қатар Бақытжан Базарбек БАҚ өкілдерінен жалған ақпарат таратпауды сұрады. Ол Нұржігіттің жағдайына алаңдап, дұға еткен барша жанға алғысын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0