08.09.2026, 13:00

Солтүстік Қазақстанда 89 жастағы әйел баласының қолынан қаза тапты

Фото: Алаш

Күдікті болған жағдай туралы полицияға өзі хабарлаған.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы Благовещенка ауылында 89 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, анасы мен 66 жастағы ұлының арасында жанжал туындаған. Ашуға булыққан ер адам қарт анасын балтамен ұрып, ауыр жарақат салған. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Күдікті болған жағдай туралы полицияға өзі хабарлаған. Кейін ол ұсталды.

«Благовещенка ауылында жеке үйдің ауласынан 89 жастағы қарияның денесі табылды. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен оның 66 жастағы баласы ұсталды. Зейнеткерді өлтіру дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда», – дейді СҚО полиция департаментінің аға инспекторы Юрий Клыков.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.