08.09.2026, 12:00

Алматы облысында жол апатынан екі жаяу жүргінші мерт болды

Фото: zakon.kz

Жаяу жүргіншілерді қағып кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облысында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 6 қыркүйекте Алматы — Өскемен автожолының 18-шақырымында «Chevrolet Cobalt» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан егде жастағы екі адамды қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан екі жаяу жүргінші де оқиға орнында көз жұмды.

— Жаяу жүргіншілерді қағып кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, — деп хабарлады департаменттен.