Қазақстанда 5–9-сынып оқушыларын БЖБ мен ТЖБ тапсырудан кезең-кезеңімен босату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, өзгеріс келесі, яғни 2027–2028 оқу жылынан бастап енгізілуі мүмкін. Министрлік алдымен жаңа бағалау жүйесіне қажетті әдістемелік және талдамалық жұмыстарды толық аяқтауы тиіс. БЖБ мен ТЖБ-ның орнына оқушының сабақтағы күнделікті жұмысына негізделген қалыптастырушы бағалаудың рөлі күшеймек. Ал 10–11-сыныптардағы бағалау жүйесін қайта қарау 2028 жылға жоспарланған. Биыл, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ алынып тасталған еді.