08.09.2026, 17:00

Ақмола облысында орман өртеніп, 2 тікұшақ жұмылдырылды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Өрт ошағы дер кезінде анықталып, қажетті күштер мен құралдар жедел түрде жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

2026 жылғы 8 қыркүйекте Ақмола облысындағы "Отрадненское" КММ Ақбұлақ орманшылығының аумағында орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  Өрт ошағы дер кезінде анықталып, қажетті күштер мен құралдар жедел түрде жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің 6 дана техникасы мен 13 адамы, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның 4 әуе десантшысы және су төгетін құрылғымен жабдықталған 1 тікұшағы тартылды. Қосымша күш ретінде өрт орнына мемлекеттік орман күзетінің 4 техникасы, ТЖД 8 техника мен 21 адамы және де «Қазавиаорманқорғау» РМҚК су төгу құрылғысымен жабдықталған МИ-8 тікұшағы жіберілуде. Өрттің дер кезінде анықталуы және орман күзетінің жедел әрекеті қажетті күштерді оқиға орнына уақытылы бағыттауға мүмкіндік берді. Әрбір өрт ошағы мемлекеттік орман күзетінің жіті назарында.