08.09.2026, 17:40

Трамптың ұлы мен қазақстандық блогер Моңғолия тауларында адасып кетті (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Блогердің айтуынша, олар табиғат аясында үш күн бірге демалып, жақын қарым-қатынас орнатқан.

Қазақстандық танымал тревел-блогер Дастан Мухамедрахим (@bydastann) Моңғолияда Дональд Трамптың үлкен ұлымен  кездесіп, оған қазақтың ұлттық киімін сыйға тартты. Бұл туралы блогер өз парақшасында жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Блогердің айтуынша, олар табиғат аясында үш күн бірге демалып, жақын қарым-қатынас орнатқан. Осы уақыт ішінде ол американдық қонаққа қазақ халқының мәдениетін таныстырып, иығына ұлттық шапан жауып, басына тымақ кигізген. Жарияланған кадрлардан Дональд Трамптың ұлы қазақы нақыштағы киімді жылы қабылдағанын көруге болады.

Сонымен қатар Дастан Трамптың ұлы Моңғолияға бұл жолы төртінші рет келіп отырғанын айтты. Сондай-ақ оның контенті ұнағанын және әлеуметтік желідегі парақшасына жазылғанын жеткізді.