09.09.2026, 14:20

Ақтөбеде үй өртеніп, бір адам қаза тапты

Фото: Pixabay

Өрт кезінде 1995 жылы туған әйелдің денесі табылды.

Оқиға Қобда ауданы орталығындағы Щербаков көшесінде болды. Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт кеше болды. Қобда ауылындағы Щербаков көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бөлмесі мен шатыры өртенді. Өрттің ауданы — 96 шаршы метр. Өрт кезінде 1995 жылы туған әйелдің денесі табылды.

— Өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнына Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадасы және полиция жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, — деді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.