$ 454.46  527.72  5.25

«Көршімен қабырғадағы саңылаудан қол алысады»: Ақтөбедегі жаңа үйлердің сиқы жұртты шошытты

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ақтөбедегі Есет батыр тұрғын алабының №3 шағын ауданында 2024 жылы пайдалануға берілген үш тоғыз қабатты үйдің қабырғалары сөгіліп, ірі жарықтар пайда болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың сөзінше, кей пәтерлердегі саңылау адамның қолы сиятындай кеңейіп, түнде қабырғадан шытырлаған дыбыс естіледі. №39, 40 және 41 үйлерде мүгедектігі бар азаматтар, көпбалалы және ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар тұрады, енді олар қауіпсіз жерге көшіруді талап етіп отыр. Үйлерді «Ақтөбе-Сәулет» ЖШС салған, ал әкімдік өкілдері анықталған ақаулар бойынша арнайы техникалық тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. Әзірге ғимараттардың нақты техникалық жағдайы туралы қорытынды шыққан жоқ, сондықтан қабырғалардың не себепті ажырағаны сараптамадан кейін белгілі болады. Екі жылға жетпей осындай күйге түскен үйлердің тұрғындары жөндеумен шектелмей, баспаналардың қауіпсіздігіне нақты кепілдік берілуін талап етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0